Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу баласы Төреғалимен арақатынасы жайлы айтты

Спортшы Дархан Нортаев қайын ағасы Төреғали Төреәлі туралы айтты. Осыдан біршама ай бұрын жұлдызды отбасыға күйеу бала болған спортшы қайын ағасына мақтауын асырды. 

"Үлгі боларлық, осындай ақкөңіл ағамның бар болғанына Аллаға шүкір етемін. Әрқашан мені қолдайтын, ақыл-кеңес айтатын туған ағамдай. Сізге ең бастысы денсаулық тілеймін, Аллам тіл-көзден, жамандықтан сақтасын. Жолыңыз әрқашан ашық болсын, шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдыздай жарқырап, әлем танитын даңққа жетуіңізге тілектеспін. Аллам бақтан айырмасын", - деп жазды Нортаев

Осылайша күйеу баласы қайын ағасын туған ағасындай көретінін айтып ақтарылды. 

"Ақ Төрештің дені сау болсын", "Деніңіз сау болсын. Бастап жатқан ісіңізге алла жеңілдігін берсін. Ауырмаңыз сырқамаңыз", "Отбасында татулық болсын", - деп жазды желідегілер. 

Дархан Нортаев Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәліні жар етіп, жұлдызды отбасына күйеу бала болды. Әнші қарындасын ұзақ уақыт қимай жүргенін, қарындасты ұзату өзіне ауыр соққанын мойындаған еді. 

Бұған дейін Төреәлі күйеу баласын жақсы көретінін айтқан еді. Айта кетейік, Төреғалидің қарындасы Фариза Төреғали көктем айында некесін қидырып, жақын күндері үйінен ұзатылды. Үлкен тойы да дүркіреп өтті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр