Төреғали Төреәліге өз репертуарындағы қай әнді орындауға тыйым салынған?
Елімізде Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Төрешің» әнін білмейтін адам кемде-кем. Жарыққа шыққан күнінен-ақ елді баурап әкеткен туынды Ұлы дала баласының өзіне арналып жазылғандай. Алайда, ел арасына кеңінен танылған бұл туынды да плагиат болып шықты.
Бұл әннің түпнұсқасын румыниялық топ орындайтын болып шықты. Авторлық құқық қорғау мекемесінің қызметкері Мәулен Әметханұлының айтуынша, әннің түпнұсқасын орындаушылар Төреғалидің үстінен шағымданған. Ал біздің тарап бұл әннің ендігәрі орындалмайтынына уәде беріпті. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Төреғалидің «Төрешің» әніне байланысты румындық әншілер хабарласты. Ол туралы Төреәлі ағамызға хабарласып айттым, түсіндірдім. Кейін румындақтардың өздеріне шықтық. «Енді шығармаймыз, ренжімеңіздер» деп түсіндірдік. Жасыратыны жоқ, ешқандай шусыз олар бізді түсінді. «Бірақ бұл ән келесі жолы шықпасын» деп ескертті. Егер шындап кірісетін болса, олар ешкімді де оңдырмайды. Төреғали бұл әнді орындай алмайды», – дейді Мәулен Әметханұлы.
Алайда румындықтардың жасаған ескертуін біздің әншіміз елемеген сыңайлы. Себебі биыл Астана күніне орай ұйымдастырылған концертте әнші «Төрешің» әнін тағы да орындаған. «Төрешің» әнін ел сүйіп тыңдайды. Десе де, бір ән үшін басыңыз дауға қалып, сотқа барып жүрмеңіз, Ұлы дала баласы!
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали Төреәлі бала күнінде қандай болды? (видео)
Қазақстан алғаш рет «Евровидение» байқауына қатысуы мүмкін
Тамара Асар 20 жыл бойы армандаған арманына қол жеткізді (видео)
Нұртас Адамбай Баян Мақсатқызын қолдады: Жігіттер, Баян сіздерге соншама не істеп қойды?