Төреғали Төреәлі саунада бай-бағланға өнер көрсетті
Төреғали Төреәлі саунада бай-бағландарға өнер көрсетіп жүр. Бұл туралы видео желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саунаға ұқсас мекемеде әнші бірнеше кісінің алдында ән айтқан. Қасында гитара ұстаған тағы екі адам бар. Видео авторы оның Төреғали Төреәлі екенін жазған.
Ал жайбарақат отырғандардың алдында кеңінен дастархан жайылған. Әншілер бірде ән айтса, бірде аспапта ойнап барынша олардың көңілдерін көтеруде.
Желі қолданушылары Төреғалиді сынға алып, «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Бүйткенше әнші болмай-ақ қойсаңшы» деп жазды. Арасында оны жақтап сөйлегендер де жетерлік болды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"