Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын
Әнші Төреғали Төреәлі әйелдер қауымын төл мерекесімен ерекше құттықтады. Құттықтау сөзіне өз әндерінің атауын арқау еткен Ұлы дала баласы өз өмірінен үзік сыр шертті, деп жазады Stan.kz.
Әнші Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында ерекше жазба қалдырып, әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде әнші өміріне еш өкінбейтінін және жұбайын өзге көзден қызғанатынын айтып қалды.
«Балалық ша(қ)»-ғымда «Түрлі арман»-ым болды! Сол «Бәйге»-дей жүйрік арман, «Байқоңыр»-дың бозбаласын, «Студенттік өмір» бастау үшін «Сыр елі»-нен Алатау бауырындағы «Алматы – ең алғашқы маxаббатына» алып келді. «Бір кем дүние» деген! «Қазақ жастары»-ның біразының бағын ашқан үлкен қалаға келіп алып, «Жолың болсын» деп батасын беріп жіберген «Ана мен Әке»-нің жылуын, «Әке мен бала»-ның арасындағы әңгімені, «Ана мен Сәби»-дің «Байқоңырдағы маxаббатын», «Анашым»-ның «Алтыным», «Ботам-ай» деген жылы сөздерін, бірге жүрген «Ауылдастарым»-ды «Сағындым». «Өмір» болғасын бәріне көнесің. Сөйтіп «Қазақ өнерін» жағалап, «Айтыс»-тың аламанына да қосылдым, «Қайран-18»-ге қадам басып, «Уақыттың заңы» қатал екенін түсіндім. Айтыстағы «Ассалаумағалейкум» деп амандасуым қазақ саxнасында амандасуыммен жалғасын тапты. Менің «Жаным қазақ», сенің «Жүрегің қазақ» деп жүрген бауырым «Қайнардың термесін», туындыларын әнге қоса бастадым.
«Бала маxаббат»-тын артқа тастап, дара маxаббатын «Іздеме»-сіне болмай жүрген «Төрешің»-е «Тәтті қыз»-дың «Қара торылығы» ұнамаса, «Құралай» көз боп көрінген «Түсімдегі қыздың» өңімде «Бір түрлі қыз» көрінуі «Жүрекке әмір жүргізе» алмады. Алыстағы «Алло» деген «Анашымның» дауысынан келін керек екенін сезіп, «Егізімнің сыңары»-на «Біз екеуміз» қалай болмасын «Кездесерміз» деп жүретінмін. Айтыста жүріп «Найзағай болып» жарқ етіп бір көрініп «Арман қыз»-ға айналып үлгерген «Жүрегі әппақ» «Тотыдайын» «Толқынымды» араға жылдар салып қайта жолықтырып, «Қазақ қызына да үйлендім». «Өмірімнің өрнегі» болған «Асыл жарым»-ды өзге көзден мен әрине «Қызғанамын». Отбасым «Іңкәр жүрегімде».
Аллаға шүкір, «Өкінбеймін». Себебі «Біз бақыттылармыз». Бүгінгі «Баянсыз махаббат» әніме арқау болған қазіргі қоғамның қозғалысы. Мен сияқты «Романтик» болмасаңыздар да, бақыттарыңыз баянды болсын деймін. Қызығу мен сүюдің арасын айыра білген, «Бол жанымда» деп айтатын жақындарыңыз жандарыңызда болсын бастысы. Әңгіменің «Ақиқаты» осы. Барша нәзік жандыларға ана бақытын, әйел бақытын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!» – деп жазды Төреғали Төреәлі.
Оқи отырыңыз:
Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді
Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек
Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты