Төреғали Төреәлі халық аз келіп, өзін сабасына түсірген кеш туралы айтты
Төреғали Төреәлі осы жолы концертінде халықтың көп келгенін қалайтынын айтты. Себебі, Павлодардағы гәстрөлдік сапарында залдың тек жартысы толып, әнші мұңайып қалған екен.
Сурет: Төреғали Төреәлінің жеке парақшасынан
Бұл туралы “Той Думан” арнасы хабарлайды.
“Халық келмей қалған кез менде бір-ақ рет болған. Павлодарда, ең бірінші, “Бол жанымда” деген әнім шығып, сол туындымен гәстрөлде жүрген болатынмын. Концертке жарты зал ғана жиналған кез еді”, – дейді Төреғали Төреәлі.
Сол адам аз жиналған кеш Төреғалиді сабасына түсіріп, көп нәрсені ұғындырған екен. “Павлодарға келген кезде шын өнердің бағасы, бақыты не екенін Құдай сол кезде сездіріп, көзіме көрсетіп қойды. Ел болмаса, халық болмаса, ешкім емес екенімді ұғындырды”, – дейді ол.
Халықтың ұлы Төреғали тыңдармандарысыз ешкім еместігін біледі. Сондықтан, бұл жолы концертке келгендеріңізді қатты қалайды. “Халықтың келуі, келмеуі кімге байланысты екенін білмеймін. Бірақ, мен барлығын шақырамын. Келіп көрсеңіздер екен. Сол кезде менің жанымда болсаңыздар екен. Құдайымнан анда-санда осыны сұрап қоямын. Қазақ елінен де соны сұраймын”, – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал тележүргізуші күйеуі тастаған әйелдерді кешірімді болуға шақырды
Айқын бейнебаяндарындағы жартылай жалаңаш қыздарды қорғап сөйледі
Жәния Джуринская “кәрі қыз” болып қалудан қорықпайтынын айтты
Мөлдір Әуелбекова фонограммаға заңмен тыйым салуды талап етті