Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі денсаулығының сыр беріп жүргенін айтты

Төреғали Төреәлінің инстаграм желісіне жарияланған аурухана төсегіндегі суреті көпшілікті алаңдатқан болатын. Ол суретте қашан да күліп жүретін жігіттің қабағы салыңқы. Десе де, әнші келесі күні-ақ гастрөлдік сапарға аттанған-ды. Бірақ араға екі күн салып халық сүйіктісі ауруханадан бірақ шыққан.

1172586_812726848859031_1870068873_n-620x414

 

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Күні кеше Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасына ауруханада ем қабылдап жатқан суретін салған-ды. Аталған суретті көріп тыңдармандары дұға-тілек білдірген. Әнші де халықтан дәл осындай қолдау күткендіктен, суретпен бөліскенін айтады.

“Мен инстаграм желісіне сурет жариялап, өзгелерді алаңдатқым келген жоқ. Өз парақшам болғандықтан, дұға жасайтын ел бар ғой деп салдым. Күніне 4-5, жоқ дегенде 2 концерт бердік. Мұның барлығы ауыртпашылық болып кеткен шығар. Бүкіл Қазақстанды аралап келе жатырмыз. Тараздан Шымкент қаласына барған кезде демаламын деп ойладым. Қазір иммунитетім қатты төмендеп кетті. Бірақ барлығы жақсы болады деген ойдамын. Анау-мынау қатерлі ауруларға дейінгі аурудың алдын алған екенбіз. Ешқандай қазақ ауырмаса екен. Барлығы шаруаға жарап тұрса екен”, – дейді әнші.

Журналистерге барлығы жақсы деп жауап бергенмен, Төреғалидің мазасызданып жүргенін байқауға болады. Күніне 5 концерт берген Төреғали ауруханада жатқан кезде біраз ойланған екен.

“Басқа күйбең тіршіліктің барлығы тоқтап, ашу-ыза мен күнделікті жұмыстан босап қалған кезде, ми өзге дүниелерді ойлайды екен. Денсаулыққа абай болу керек. Аллахтың аманаты болған соң оған дұрыстап қарауымыз керек. “Туу, ауырмаңызшы” деп айтып жатады. Әріптерден-ақ адамның ақ ниеті білініп тұрады. Барлықтарыңызға рахмет!” – деп тыңдармандарын енді мұндай суреттермен алаңдатпауға уәде берді.

Еліміздің түкпір-түкпірінде демалыссыз концерт берген әнші енді Алматыда үлкен кеш өткізуге дайындалып жүр екен. Мұндай үлкен концерт беруге өзі қарсы болса да, әкесі сөзіне көнбеген-ді.

“Әкеме бірінші рет концерт берген кезде әлі ерте екенін айтқан болатынмын. Концертте бүкіл халықтың көңілінен шығатын әндер болуы керек. Менің ойымдағы концерт дәл осындай болатын. Қай жерде концерт болады десе, сол жерге барамын. Әлі қарсы келіп жатуға да ерте сияқты. Жолда, іссапарда жүргенде әкем мені көп еркелете бермейді. Сапта тұрып сарбаз секілді жұмыс істеу керектігін жақсы білемін. Үшінші, төртінші концертке келген кезде қатты әлсірейсің. Бірақ халық алдына шыққан кезде барлығы ұмытылады. Бәрінен де кеш аяқталған кезде қатты шаршаймын”, – дейді ағынан жарылған әнші.

Әр концертте “Алло” әніне бола әншінің жүйкесі жұқарады екен. Себебі, халық әншіден Ерке туралы сұрайтын көрінеді.


Оқи отырыңыз:

Әріптесін сынаған Төреғали Төреәлі тағы кімді ренжітіп алды

Сіз расымен де Төреғали Төреәлінің тыңдарманысыз ба?

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

Төреғали мен Еркенің арасындағы бітіспес дау неден басталды

Талқылау