Төреғали бір күнде 5 концерт бергені туралы айтып мақтанды
Әнші бір күнде бес концерт берген күндерін еске алып мақтанды. Жуырда ол көрермендеріне тосын сый ретінде бес күн қатарынан концерт бермек.
Сурет: Төреғали Төреәлінің жеке парақшасынан
Бұл туралы Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында айтып өтті, – деп хабарлайды Stan.kz.
Төреғали Төреәлі көрермендерге бұрын-соңды болмаған шоу әзірлеп жатыр. Қазір қызу дайындық, дыбыс жазу және фотостудиялар мен сән үйлері арасындағы қарбалас ол үшін қалыпты. Осы күнге дейін ешкім бес күн қатарынан түрлі бағдарлама мен концерт беріп көрмеген. “Шаршамайсыз ба? Қорықпайсыз ба?” деген сансыз сауалдарға айтар жауабы да бар.
“Бес күн қатарынан концерт қою деген – қай тұрғыдан алсақ та, қатты шаршатпайды деп ойлаймын. Бірақ, уайымы мен қорқынышы басымдау. Менің бір күнде бес концерт берген кездерім болды. Күндіз сағат 12-де сарайға кіріп, түнгі сағат бір-екілерде қайтқан едік. Оған қарағанда, бұл жерде бір концерт беріп, артынша демалып, дауысты тынықтырып, терді суытып алатын уақыт бар”, – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Қайын атасы ұлын Ақбота Керімбековаға лайық көрмегенін ашып айтты
Ақбота Керімбекова “күйеуін сатып алған” дегендерге жауап берді
Қытай мектептерінде Димаштың әндері оқытылып жатыр (видео)
Сәкен Майғазиев: 40-қа келіп тоқтап қалмаймыз, 7 баланың әкесі атансам деймін