Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали әндерін сынаған Дастан Оразбековты жекпе-жекке шақырды

Аз уақыт ішінде көрерменнің көзайымына айналып үлгерген Төреғали Төрәлі соңғы жаңалықтарымен бөлісіп қана қоймай, әріптесі  Дастан Оразбековтың өзіне қарсы айтылған сынына жауап берді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Дастан Оразбеков “Төреғали сияқты жігіттер тыңдарманды алдағанын қойсын. Мен оларды сыйлаймын, араласамын, бірақ өнерге келгенде халықты алдағанын қаламаймын” деп хит әндерінің көбісі шетелдікі екенін тілге тиек еткен болатын.

Осы пікірді естіген әкесі Төрәлі Әлиханұлы шығарып жатқан әндердің балаларына тиесілі екенін, бағаны халықтың өзі беретінін айтып, баласын қорғаса, Төреғали Төрәлі екіұшты ой білдірді.

“Ол айнаға қарап айтатын әңгімесін айналаға қарап айтып қалған байқамай” деп бірден ашуланып, артынша өзге елден алған әндерін жіпке тізді. Ол – “Байқоңыр” мен “Төрешім” екен. Бірақ әнші бұларды халықты алдау мақсатында емес, бұлай таңдау жасауында астарлы саясат бар екенін айтты.

alashainasy

Бұдан өзге “Қазақтың жігіттері бір-біріне тек видео сәлем жолдайтын болған ба? Ұрламаймыз ба? Онда стиль ұрлауды да қояйық. Кореяға еліктемейік. Жекпе-жек керек болатын болса, онда басқаша болсын” деп әріптесінің өзі де өзге елдің стилін ұрлап жүргенін меңзеді.

Бір қызығы, әнші осы жауабынан кейін  “Оның да жаны ашып жатқан шығар. Шетелден алып айтпай-ақ қояйық деп жатқан шығар”  деп әріптесін ақтап алғандай болды.

Төреғали Төрәлі “Сырласу” бағдарламасында, әріптесінің сынына жауап қайтарып қана қоймай, Ордалық ағалары құрған “Ninty One” тобын “шайтанға” теңеді.

торегали

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Ордалықтар құрған топты Ринат Зайытов пен Тоқтар Серіков те сынаған болатын.

Талқылау