Төреғали мен Еркенің «Алло» бейнебаянын бір жылда 17 миллион адам тамашалаған (видео)
Аяқталуға жақын қалған 2016 жылы шоу-бизнес әлемінде көптеген жаңалықтарымен есте қалды. Оның ішінде Төреғали мен Еркенің «Алло» бейнебаяны ұзаққа дейін халық есінде сақталатын көрінеді. Себебі қос әншінің танымалдылығын арттыра түскен аталмыш туындыны осы күнге дейін 17 миллионға жуық адам тамашалаған, деп хабарлайды Stan.kz.
Нақтылайтын болсақ, қос жұлдыздың хит туындысын дәл қазіргі уақытқа дейін 16 миллион 720 мыңнан аса көрермен көріп үлгерген.
Бейнебаян YouTube желісіне 2015 жылдың 29 қарашасында жүктелген. Осы уақыт аралығында бейнебаянды тұтас Қазақстан халқы тамашалап үлгерген десек, артық айтқандық болмас.
Айта кетейік, тез арада хит бола шыққан әннің авторлары – айтыскер ақын Қайнар Алагөзов пен композитор Құрал Молжанов. Ал бейнебаян желісінің авторлары қос әншінің продюсерлері – Баян Есентаева мен Төреәлі Төлепов.
Ән жарыққа шыққан тұста Төреғали елден ерек дүние жасауды көздегендерін, сол себепті махаббат дастанын өзгеше стильде жеткізгендерін айтып қалды. Ал мұңлы ән мен қайғылы хикаядан әбден мезі болған қазақ халқы аталмыш туындыны бірден жылы қабылдады.
Ендеше Төреғали мен Еркеге “халықты қуандар туындыларыңыз көп болсын” дегіміз келеді!
Жіберіп алмаңыз:
Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа фотосессиясы желіні шулатып жіберді (фото, видео)
Алматыда мектептің мәжіліс залына Төреғали Төреәлінің есімі берілді
Төреғали Төреәлі Ләйлә Сұлтанқызына ерекше құттықтау жолдады (видео)
Алматыда Қайрат Нұртастың концерті үшін адамдарды таситын арнайы автобустар шығады
Баян Есентаева сыртқы келбетін сынға алған желі оқырмандарына жауап берді (фото)