"Төреғали боқтап, Кәмшат шешінгенде қайда қалдың?!": Ақбота Керімбекова Мұрат Әбділданы сынағаны үшін халыққа жақпай қалды
Танымал әнші Ақбота Керімбекова әуесқой әнші Мұрат Әбділданы сынағаны үшін оқырмандарынан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/botakerim/
Айта кетейік, өнер иесі желі арқылы танылған блогер-әнші Мұрат Әбділданы Республика сарайына шығып ән айтқанын ұнатпаған еді. Алайда оқырман қауым әншіні сынап тастады.
“Төреғали сахнада тұрып боқтағанда, Кәмшат шешініп жер домалағанда қайда қалдың?! Шықпадың ба осылай?! Балаңды да түсініксіз даусымен қасиетті сахнаға шығардың ғой. Қызғаныш сенікі!”, – деп жазды желідегі оқырман.
Одан кейін әнші әріптестерінің қылығына жауап бермейтінін айтып, басын алып қашты.
“Бәрін мен айта берем ба?! Әлде сахнада жүрген жалғыз мен бе?! Төреғали мен Кәмшат оқыған, таланты бар, өнерге жай келмеген әншілер. Кішкентай кездерінен осы жолды таңдаған. Ал, енді сахнадағы ақылсыздықтарына өздері жауап берді. Оны неге маған келіп айта бересіздер?! Тағы айтамын, кемшіліктерді бірге түзейік!”, – деп жауап қатты эстрада жұлдызы.
Еске салайық, "Аппақ гүлдерді" қарызға жаздырып, көйлекті өзім тіктім" деп Ақбота Керімбекова алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алған еді.