Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өнердегі әріптестері Төреғалидың концертін сынап тастады

Төреғали Төреәлі бұрын-соңды болмаған шоу жасап, 5 күні бойы Республика сарайында тыңдармандарын әсем әнмен тербетсе, «Ұлы дала баласының» бұл кеші өзге әріптестері үшін жаңалық болмай отырған сынды. Stan.kz тілшісі жүргізген арнайы сауалнамада отандық жұлдыздар өз пікірлерін білдірді.

«Бізде концерт беріп жүрміз. Бір күнде 2 концерт немесе 2-3 күн қатарынан жеке концерт берген кездер де болды. Алдағы күндері еліміздің өзге аймақтарында қатарынан 3-4 концерт беруді жоспарлап отырмын. Жалпы, ел алдында бірнеше кеш беру кез-келген әнші үшін бақыт», – дейді Айқын Төлепберген.

Ал Гүлнұр Оразымбетова Ұлы дала баласынан қалыс қалмай, өзі де дәл осындай концерт бере алатынын жасырмады.

«Дәл осы Төреғалидың концертін ұйымдастырған ұйымдастырушы болса, жасауға болады. Бәрін дайындап беріп тұр, тек өзі және дауысы бабында боулы керек, тіпті киімдерінде дайындап қойған. Егер дәл осындай ұйымдастырушы болса мен шаршамай, 5 емес, 1 апта концерт беруге дайынмын», – дейді әнші.

Ұлы дала баласының өнердегі әріптестері әншінің 5 күн қатарынан өнер көрсеткеніне таңданбаған да сияқты.

«Жалпы, 5 күн қатарынан концерт беру немесе бірнеше күн қатарынан концерт беру басқа елдегі жұлдыздардың тәжірибесінде бар. Мәселен, көрші елдегі Юлдуз Усманова бір бағдарламаны 32 күн, 41 күн қояды. Тіпті, шет елдік әншілер концерттік бағдарламаны үздіксіз бір жыл бойы қоятын кездер де болады», – дейді Тамара Асар.

Төреғали Төреәлінің жеке концертін сынағандар қатарында Мөлдір Әуелбекова да бар. Ол әншіге сын айтамын деп, өзінің сырын да айтып қойған сыңайлы.

«Менің концертім Төреғалидің концертінен басқаша болады. Енді екеуіміздің форматымыз екі түрлі. Мен мысалы концертті симфониялық оркестермен жанды дауыста беремін. Бәрі басқаша болады. Дайындық көп керек. Симфониялық оркестрмен кем дегенде 2 ай дайындық керек. Күнделікті, жанды дауыспен…», – дейді Мөлдір Әуелбекова.


Жіберіп алмаңыз:

Медеу Арынбаев марқұм жарына бір көргеннен ғашық болғанын айтты

Медеу Арынбаев: Барлық әндерім марқұм жарыма арналған

Айқын Төлепберген алғаш рет балалары жайлы бар шындықты айтты

Айдарбекова: Төсек қатынасы бар көріністе Жұлдыздың орнын дублер алмастырды (видео)

Талқылау