Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Том Круз құрметті "Оскар" жүлдесін алды

Оскар алдыФото: REUTERS/Mario Anzuoni

Әлемге әйгілі актер Том Круз әлемдік киноөнеріне қосқан ерекше үлесі үшін құрметті “Оскар” сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Бұл туралы Америкалық киноөнер және ғылым академиясы ресми сайтында мәлімдеді. Марапат актерға 16 қарашада негізгі "Оскар" рәсімінен бөлек өтетін Governors Awards салтанатында табысталған.

Құрметті жүлделерді хореограф әрі актриса Дебби Аллен мен қоюшы-суретші Винн Томас та алды, ал кантри-әнші Долли Партон Джин Хершолт атындағы гуманитарлық сыйлыққа лайық деп танылды.

Академия өкілдері Том Круздың өз дәуіріндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі екенін ерекше атады.

"Том Круз кинотеатрлардың жұмысын қолдауда белсенді рөл атқарып, индустрияның COVID-19 пандемиясы кезіндегі қиын кезеңінен өтуіне көмектесті. Трюктерін өзі орындауды жалғастырып, ол кәсібіне деген ерен адалдығын көрсетті. Оның еңбектерінің қатарында “Төртінші шілдеде туған”, “Джерри Магуайр” және “Магнолия” фильмдеріндегі “Оскарға” ұсынылған рөлдері, сондай-ақ Круз продюсер болған “Топ Ган: Мэверик” фильмі бар. Бұл туынды “Ең үздік фильм” номинациясына ұсынылды", – делінген академия мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бұған дейін "Оскар" сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланғаны хабарланған болатын. 

2024 жылы әлем бойынша көрерменнің жоғары бағасын алған кинолар аз болған жоқ. АҚШ-тың кино өнері академиясы жыл сайынғы "Оскар" сыйлығының үміткерлерін жария етті. 97-ші рет өтіп жатқан сыйлықтың осы жолғы жеңімпаздары көктемде, нақты айтқанда 2 наурызда анықталады. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 23:31
Талқылау