Толық, шаршаңқы, жылауық: Қазақстандықтар Салтанат Бақаеваға қолдау білдірді
Жуырда ғана үшінші перзентін дүниеге әкелген Салтанат Бақаева босанғаннан кейін қалыпқа келе алмай жүргенін айтып, желідегі оқырмандарына мұңын шақты. Бақаева сырт көзге мінсіз көрінгенімен, қарапайым әйел секілді әртүрлі проблемаларды бастан кешіп жүргенін ашық айтты.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Сіздер менің өмірімнің кішкентай ғана бөлігіне куә бола аласыздар. Әрине, инстаграмда барынша мінсіз көрінуге тырысатын блогерлер бар. Мүмкін танымал болу үшін солай жасайтын шығар. Бірақ мен блогер емеспін. Мен бар болғаны мамандығының арқасында танылған адаммын. Кейде мен де сіздермен ой бөлісіп, әртүрлі тағамдарды даярлау әдісін ұсынамын.
Бірақ ол дегеніңіз шынайы өмірде барлығы Instagram-дағыдай деген сөз емес. Менің де басым кір, ұйқысыз түннен кейін шаршаңқы, қорқынышты, ашулы, ренжулі, жылауық, тіпті толық бола аламын. Мені қайта қалыпқа келіп алды деп ойламаңыздар. Әлі ештеңе де қалыпқа келген жоқ. Сыртқы мүсінім түгілі, басымды жууға уақыт таппай жүрмін», – деп бөлісті Салтанат желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Салтанатқа жұбату сөздерін айтып, қолдау білдірді.
“Сіз өте сұлу, нәзік, мейірімдісіз, ең бастысы қарапайым”, “Ештеңе етпейді, қалыпқа келіп аласыз әлі”, “Өте әдемі анасыз”, – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандағы ең сымбатты күйеужігіт үйлену тойындағы суретін көрсетті
Сәкен Майғазиев Елбасыға ұқсайтын қасиетін атап, жұртты күлдірді