Түркістан облысында әнші Азоданы ұрған бұрынғы қайын атасы бір жылға сотталды
Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысында полиция соттың үйлену тойында ән айтқаны үшін бұрынғы келінін бірнеше рет ұрған ер адам қылмыстық жауапқа тартылды. 48 жастағы ер адам Азода Тұрсынмұрадоваға жұдырық ала жүгірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысы Төлеби аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша Х. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 31 тамыз 2025 жылы сағат 21:23 шамасында Төлеби ауданындағы "Зағамбар" тойханасында сотталушы бұрынғы келіні Т.-ның тойда өлең айтып тұрғанын көріп, оған қатысты қоғамдық тәртіпті бұзатын, әдепсіз әрі қатыгез әрекеттер жасап, күш қолданған.
Осылайша, жәбірленушінің мойны, білек және көкірек айналасы көгерген. Сараптама қорытындысы бойынша бұл жарақаттар адамның денсаулығына ұзақ мерзімді зиян келтірмейтін, қысқа мерзімді бұзылулар ретінде бағаланған.
Прокурор соттан сотталушыны бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші бұл ұстаныммен келісіп, сотталушыдан 700 мың теңге материалдық және 10 млн теңге моральдық шығын өндіруді талап етті. Сотталушы болса өз әрекетіне өкініш білдіріп, айыппұлмен жазалануды сұрады.
Сот шешімімен Х-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 700 мың теңге материалдық және 800 мың теңге моральдық шығын өндірілуі туралы үкім шықты. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін оқиғаға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша “ұрып-соғу” бабымен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілген. Бұған дейін Азода күдіктіні қамауда 12 сағат та отырғызбай, шығарып жібергенін айтфп, әділдік талап еткен еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік