Тоқтар Төлешовтың 4 әйелі мен 21 баласы далада қалды
Шымкенттік “сыра королі” Тоқтар Төлешовтың 4 әйелінен 21 баласы бар екен. Әйгілі олигархтың мүліктерін тәркілеуге байланысты олардың барлығын үйлері мен пәтерлерден шығарып жатыр.
Бұл туралы “Время” басылымы хабарлайды.
“Шымкент сырасы” ай сайын Төлешовтың жеке өмірі үшін 60 млн теңге бөліп отырған. Бизнесменнің туыстары мен таныстары зауыт қызметкері ретінде тіркеліп алып, ірі сомадағы жалақыға қарық болып келген. Адвокат Мархада Жакупованың айтуынша, заңды әйелі Оразгүл Төлешова зауыт директорының стратегиялық жоспарлар бойынша орынбасары болған. Бірінші тоқалы Нәзия Есенбаева ақпарат бойынша орынбасар болып тіркелген.
Олардың жалақысы миллион теңгеден асып жығылыпты. Нәзия Есенбаева азаматтық некедегі күйеуіне екі бала сыйлаған, қазір олар балаларға төленетін ақша есебінен өмір сүріп жатыр.
Ал олардың үлкен қызы Севиль тура зауыттың өзінде тұрған. Әкесі оған арнап толық апартамент жасап берген. Қыз үшін жеке аспаз да тағайындалған. Қалада ол арнайы күзет қызметімен бірге жүрген.
Бизнесменнің төрт әйелі де зауытта тіркеліп, ай сайын ірі көлемде ақша алып тұрған. БАҚ бұрын да хабарлағандай, ірі деңгейлі тойлар мен шараларға, қымбат көліктерге, қымбат курорттағы демалыстарға Төлешов ақша аямаған.
“Оның балаларының өміріне деп ақша жібергенінде тұрған не бар? Оның 21 баласы бар. Барлығы да Төлешовтер. Ақша заңды түрде бөлініп, одан салыққа ұсталып, зейнетақы қорына да аударылған. Менің қорғауымдағы азамат зауыттың басшысы болған және бұл жерде заңға қарсы ештеңе жоқ”, – дейді адвокат.
Тоқтар Төлешовтың тағы екі әйелі Сәуле Сиқымбаева мен Дина Нұрәлиева – балаларына алимент төлету мақсатында сотқа арыз берген. Істі қазір Шымкент қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты қарап жатыр.
Қазір мемлекет Төлешовке тиесілі мүліктің барлығын тәркілеп жатыр. Оның ішінде заңды әйелі және балаларымен бірге тұрған Шымкент қаласындағы үлкен вилла да бар.
Нұрәлиеваның екі баласы бар. Ол қазір “Дархан Group” ЖШС-дағы пәтерде тұрып жатыр. Әйелдің Porsche Cayenne автокөлігін алып қойған. Еске салсақ, Дина Нұрәлиева – “Қазақстан аруы – 2005” атанған. Ал Сәуле Сиқымбаева болса балаларымен бірге үйінен шығып қалып, енді пәтер жалдауға мәжбүр.
Көршілерінің айтуынша, қазір құзырлы органдардың бұйрығымен Төлешовтың үйінің қоршау сүріліп жатыр. Жақын арада үй ауласының да астан-кестеңі шығуы мүмкін. Және олар бұл жерге Төлешов келемін дегенше, бұл ауданды нашақорлар мен қаңғыбастар мекендегенін де айтып отыр.
Оқи отырыңыз:
ОҚО тұрғындары динозавр сүйектерін тауып алды
Әлеуметтік желіде педофилді ұрған полицейді қорғайтын акция басталды
Қарағанды облысында шенеунік қызметкерлерінің не істеп, не қойғанын жасырын камерамен көріп отырған