Тоқтар Серіков: Әйелім өзімдікі ғана болғандықтан, "жаным" деп оңашада айтамын
Бүгінде төрт ұл тәрбиелеп отырған Тоқтар мен Бейбіт "балаларыңыздың қайсысы әкесі мен анасының жолын қуады?" деген сауалға келгенде қиналып қалады екен. Себебі алдыңғы үш ұлы өнерге қызықпайды. Бір үміт үйдің кенжесінде. Бұл туралы Серіков Қазақстан ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Серіков әкенің қас-қабағына қарап өскенін айтады. Әкесін асқар таудай көріп, үлгі тұтқан ол өз ұлдарына да сол тәрбиені беруге тырысып жүр.
"Ұлдарымның бәрі бұрыш-бұрышқа тығылып, қашып кетеді. Мен соларға дауыс көтеріп, айғаламаймын, бірақ әкеден жасқанады.
Ұрыспайды емес, ұрысамын. Бірақ жүрегімнің ауырғанын көрсетпеймін", – деді ол.
Бұдан бөлек, Тоқтар жұбайын қалай еркелетінін айтты.
"Телефонымда Борби деп сақтаулы. Қыз кезінде байқамай Борби деп айтып қойып, сол күйі қалды. Телефон нөмірі өзгерсе де, аты өзгермейді.
Оңаша жерде "жаным" деп еркелететінім бар. Әйел – жеке бақытым, өзгеге тиесілі емес, өзімдікі ғана болғаннан кейін "жаным" деп айтатыным бар. Бірақ телефоныма жазып, олай жасамаймын", – деді ол.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған