Токионың көшелерінде Қазақстанның туы ілінді

Фото: Telegram/Борт N1
Токио Қазақстан президентінің сапарына дайындалып жатыр. Мұны Telegram желісіндегі Борт №1 парақшасы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады.
Ақорданың мәліметінше, сапар аясында император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.

Фото: Telegram/Борт N1
Қазір Токио көшелерінде Қазақстан туы ілулі.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен