Тоқаевтың басшылығымен Атырауда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы басталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды. Қазір Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр”, – делінген жұма күні тараған ақпаратта.
Ұлттық Құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган екенін айта кетейік. Ұлттық Құрылтайдың басты мақсаты – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде