"Тоқаевпен онша емес деген қауесет бар": Саясаттанушы Кәрім Мәсімовтің неліктен ҰҚК басшысы қызметінде қалғанын айтты
Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев президент сайлауынан кейінгі кадрлық ауыс-түйіс барысында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің неліктен орнында қалғаны туралы сұраққа жауап берді. Оның пікірінше, Мәсімовтің басшылығындағы комитет бірнеше жылдың ішінде үлкен өкілеттілікке қол жеткізген.
Әшімбаевтың «ИАЦ» басылымына берген сұхбатында журналист еліміздегі кадрлық тағайындауларды сөз етіп, ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің орнында қалуына қатысты пікірін сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мәсімовтің екінші президентпен қарым-қатынасы онша емес екені туралы әңгімелер көп айтылады. Алайда ҰҚК басшысы тұлға ретінде, арнайы қызметтің басшысы ретінде биліктің транзитін қамтамасыз етуде негізгі тұлға болып табылады. Комитет Мәсімов басқарған бірнеше жылда үлкен өкілеттілікке қол жеткізді.
Мәсімовті отставкаға жіберу үшін, реніш болмайтындай, оған тең қызмет іздеуі керек. Сонымен қатар оны қызметінде алмастыра алатын тұлға болуы қажет. Тоқаев әзірге оның екеуін де жасай алмайтын сияқты. Алайда мұндай қадам қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды», - дейді саясаттанушы
Сонымен қатар Әшімбаев таяуда «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің ҰҚК құрамына еніп, оны нығайта түскенін атап өтті.