Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаларды Қазақстанға қайтаратынын айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтаруға ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі", – деді Тоқаев.
Президент қоғам болып табысты әділ бөлісу мәселесінде ымыралы пайым қалыптастыру маңызды екенін айтты.
- "Өздеріне жеңілдік талап етіп, алақан жаюдан арланбайды": Президент қазақстандық жастарды сынға алды
- "Ашық айту керек": Тоқаев Маңғыстаудағы наразылықтарға қатысты пікір білдірді
"Бұл – билік пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық аспектілерді, мемлекеттік саясат, ұлттық бірегейлік, жастарды тәрбиелеу сияқты мәселелерді қозғайтын ортақ міндеті", – деді мемлекет басшысы.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді