Тоқаев Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуіне байланысты үкіметті сынға алды
Тоқаев Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуін үкіметтің өрескел олқылығы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
"Мен бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бердім. Бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісім-шартқа былтыр ғана қол қойылды. Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл – Үкіметтің өрескел олқылығы”, – деді Тоқаев.
Инвесторлардың қызығушылығы төмендеген: Қазақстанның мұнай қоры алдағы 10 жылда таусылмақ
Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда төрт жаңа газ өңдеу зауыты салынатынын жазғанбыз.
Талқылау