"14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе?": Тоқаев вице-министрдің жұмысын сынға алды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтың баяндамасын бөліп, жұмысын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді.
Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?", – деді Тоқаев.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік