Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілде күні Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 шілде күні Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
Бұған дейін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуштың шақыруымен Ерлан Қошанов бастаған бір топ мәжіліс депутаты Түркия Республикасына ресми сапармен барған еді. Олар Анкарада екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен парламентаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды