Тоқаев Түркіменстанның мәслихат төрағасымен Түркістанда бейресми кездесу өткізбек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 сәуірде Түрікменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Екі ел өкілінің кездесуі Түркістанда өтеді
"21-22 сәуірде Түркістанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді", – делінген хабарламада.
Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Өзбекстан президентімен Алматыда бейресми кездесу өткізген еді.
Алматыда оқу ақысы 6 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен