Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан Тоқаевтың қол қоймас бұрын Трампқа жақындап, бірнеше сөз айтқанын көруге болады. Ал Трамп жауап ретінде оның иығынан қағады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған "Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі" деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.



Еске салсақ, бұған дейін Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне қатысуға шақырғаны туралы хабарлаған едік. Газа бойынша құрылып жатқан Бейбітшілік кеңесінде Қазақстан құрылтайшы ел болады. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 15:31