Тоқаев Тамара Дүйсенова мен Қанат Шарлапаевты қызметінен босатты
Фото: Ақорда
Президенттің жарлығымен бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы ҚазКСР Шымкент облысында дүниеге келген.
1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.
1988-1992 жылдары – Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисті.
1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисті.
1993-1994 жылдары – "Перизат-Холдинг" компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы.
1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
1994-1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары.
1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.
1997-1999 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2013 жылғы ақпан-маусым аралығында – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
2017-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті.
2018-2019 жылдары – "Нұр Отан" партиясының хатшысы.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.
2023 жылғы 8 маусымнан бастап – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Шарлапаев биыл ақпанның соңында Тоқаевтың экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі атанған еді.
Сәуірде Шарлапаев тағы бір қызметке кірісті: ол "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Сондай-ақ Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.
2014-2015 жылдар аралығында Ұлыбританияның "Сити" инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымын атқарған. 2015-2017 жылдары Қазақстанның "Ситибанкінде" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті болған.
2017-2020 жылдар аралығында Ресей Федерациясының "Сити" инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып жұмыс істеген. 2020 жылы "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымына тағайындалған.
2022 жылғы ақпаннан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2023 жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған.

Алматыда қала күнін тойлауға миллиондаған қаражат жұмсалған: Тұрғындар қаладағы шешілмеген мәселелерге шағымданды
