Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Босаңсуға мүлде болмайды": Тоқаев Голан жоталарынан оралған әскерилерді ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметкерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгершілік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Айыпов Жігер Мұратұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының басқарма бастығы;

Фото: Ақорда

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Аппазов Сухраб Тохтыкожаевич – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының аға офицері – оқытушысы
  • Кәмен Бауыржан Қасымұлы – Қорғаныс министрлігі 58012 әскери бөлімі инженерлік батальонының штаб бастығы
  • Қасымов Мақсат Сейілханұлы – Қорғаныс министрлігі 99230 әскери бөлімінің офицері
  • Мырзанұлы Аллаберген – Қорғаныс министрлігі 74884 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы командасының командирі
  • Сабыржанов Есен Елшатұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімі барлау-шабуылдау (арнайы мақсаттағы) ротасының командирі
  • Сейдалин Руслан Жәнібекұлы – Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары;

Фото: Ақорда

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Мамырханов Біржан Еркінғазыұлы – Қорғаныс министрлігі 30217 әскери бөлімі танк батальонының сержанты;

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен :

  • Ағыбай Абылай Ержанұлы – Қорғаныс министрлігі 32388 әскери бөлімінің бөлімше командирі
  • Әкімов Самат Асанжанұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының нұсқаушы-сержанты
  • Дәулетов Рафик Мәжитұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының ауысым бастығы
  • Еркінов Дархан Еркінұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі
  • Кәрібаев Саян Қуантайұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының командирі
  • Кенжетай Ертай Жаңабергенұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (жарғышы)
  • Мұсайыпов Нұржан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының офицері
  • Нұрпейісов Ерлік Әбиірұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (мергені)
  • Нұрымов Серік Асқарұлы – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілінің орынбасары 
  • Сисатов Азамат Амангелдіұлы – Қорғаныс министрлігінің басқарма бастығы
  • Төкенов Ұлан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің аға офицері (таудағы даярлық жөніндегі нұсқаушысы)
  • Тіленшинова Сәния Қалымқызы – Қорғаныс министрлігі 44973 әскери бөлімінің аға маманы (аға радиотелефонисі).

Мемлекет басшысы қауіпсіздік және құқық қорғау саласына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

“Қарулы күштер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің басты тіректерінің бірі. Ең алдымен, сарбаздары мен офицерлерінің рухы асқақ, кәсіби деңгейі жоғары, жауынгерлік машығы мінсіз, тәртіп пен тазалықты мүлтіксіз сақтайтын әскер қуатты болады. Армия – қайсарлыққа баулитын, жігерді жанитын нағыз мектеп. Сіздер азаматтық борыш пен әскери антқа адалдық танытып, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеттіңіздер. Мінсіз қызметтеріңіз өскелең ұрпаққа өнеге. Мемлекет басшысы ретінде мен қауіпсіздік және құқық қорғау саласына әрдайым айрықша көңіл бөлемін”, – деді Тоқаев.

Десе де президент арқаны кеңге жаюға болмайтынын айтты.

“Жақында Ақордада арнаулы жасақтар арасындағы беделді халықаралық жарыстан жүлдемен оралған күштік құрылым қызметкерлерін марапаттадық. Жалпы, әскери бөлімдер мен күштік құрылымдардың беделі мен даярлық деңгейі едәуір өсті. Құқық қорғау және арнаулы органдар қылмыспен күресте, терроризм мен есірткі бизнесінің жолына тосқауыл қоюда тиімділігін көрсетіп келеді. Алайда босаңсуға мүлде болмайды. Алдымызда мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту міндеті тұр, – деді мемлекет басшысы

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Талқылау