Тоқаев Швейцариядағы Жаңа жыл түні өрттен болған 40 шақты адам өліміне байланысты көңіл айтты

Фото: Видеодан скриншот/Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентіне тау-шаңғы курортындағы қазаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев Ги Пармеландқа көңіл білдірді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария конфедерациясының президенті Ги Пармеландқа Кранс-Монтана тау шаңғысы курортындағы өрттің көптеген адам қазасына байланысты көңіл айтты", – делінген мәлімдемеде.
Тоқаев қаза тапқандардың отбасылары мен жарақат алғандарға қолдау білдіріп, осы қиын кезеңде Швейцария халқымен бірге екенін білдірді.
Еске салсақ, Швейцариядағы тау-шаңғы курортында Жаңа жыл түні өрт шығып, 40 шақты адам қаза тапқаны айтылды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды