Тоқаев Шымкентте жаңа университет ашу туралы тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында мәдениет және өнер университетін ашу туралы идеяны қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 сәуір күні мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды. Қаланың қоғам белсенділерімен кездесуі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисте мәдениет және өнер университетін құру жөніндегі жергілікті жұртшылықтың ұсынысын қолдады.
Президент бұл мәселені талқылауды қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаеваға тапсырды.
Сонымен қатар сапар барысында мемлекет басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысуда.
Еске салсақ, бұған дейін президенттің құрылысына 24 миллиард теңге жұмсаған Шымкент әуежайының терминалымен танысқаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"