Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің Украина бойынша келіссөздер процесін қолдайтынын айтты

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты. Жиында Тоқаев Қазақстанның Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаевтың сөзінше, бұл үшін Біріккен Ұлттар ұйымына мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды. 

Президент еліміздің Түрікменстан президентінің Біріккен Ұлттар ұйымы бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.


Қазақстан Украинаның Каспий құбыр консорциумына жасаған шабуылынан 238 миллион доллар шығынға ұшырады


"Соққыларға үндемей шыдауды ұсынады": Сарапшы Украиналық БАҚ-тың Қазақстанға қысым көрсетіп жатқанын сынады


“Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты”, – деді президент. 

Айта кетейік, бұған дейін Путин Кремльдегі Трамптың күйеу балаcымен Украинадағы соғысты аяқтауға қатысты келіссөзі қалай өткенін айтқан еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 14:12