Тоқаев пен Зеленскийдің кездесуінің видеосы жарияланды (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесті. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде кездесудің видеосын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы сайланған қос мемлекеттің президенттері бір-бірін құттықтады.
«Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты», - делінеді Ақорда хабарламасында.
Тоқаев Украина президентін Қазақстанға сапарлап келуге шақырды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді