Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақүй,мұнай-газ кешені, логистика орталығы: Қазақстан мен Өзбекстан 1,7 миллиард доллар болатын жобалар іске қосады

Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген.

Мемлекеттер басшылары символикалық түймені басып, бірнеше жобаны бастап берді.

Атап айтқанда, Сырдария және Түркістан облыстарында “Орталық Азия” Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы, Ташкентте "Tenge Bank" бас кеңсесі қызметіне кірісті. Сондай-ақ Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығының, Жаңа Ташкентте “Астана” тұрғын үй орамының, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің, Жаңа Ташкентте “Астана” қонақ үйінің, ал елордамызда “Ташкент” қонақ үйінің құрылысы басталды.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барған еді.

Айым Болатқызы
Сенбі, 15 Қараша, 2025 15:30
Талқылау