Тоқаевтың Францияға сапарының қорытындысы: Екі ел президенттері қандай келісімдер жасасты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон келіссөздерден кейін брифинг өткізіп, екі ел қол жеткізген келісімдер жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент, ең алдымен, Эмманюэль Макронға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, ерекше қонақжайлық көрсетіп жатқан француз халқына алғысын айтты.
“Біз үшін осы сапардың маңызы зор. Франция – Қазақстанның Еуропа Одағындағы жақын әрі сенімді серіктесі. Қарым-қатынасымыз 34 жылдың ішінде стратегиялық сипатқа ие болды. Астана мен Париж барлық деңгейде өзара түсіністікке негізделген саяси диалог орнатты. Сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыс нығая түсті. Нақты шарттық-құқықтық база қалыптасты. Халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық кеңейді. Мызғымас достық пен өзара қолдауға негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты болады деп сенемін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Брифинг барысында президенттер мына мәселелер туралы айтты:
- тараптар барлық мәселелерді бейбіт және саяси-дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санайды;
- One Water Summit форумына дайындық мәселелерін талқылады, форумда климаттың өзгеруі мен жасыл экономиканы талқыланады;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Лотарингия университетінің филиалы ашылады. Сонымен қатар "Lumiere" қазақ-француз университеттік орталығын құруды қарастырылуда.
- Астана мен Алматыда қазақ-француз мектептері салынады;
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, қазақ тазыларымен серуендегені туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған