Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Павел Дуровты қабылдады

тоқаев пен павел дуров кездесті

Фото: Ақорда

Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты.


Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қазақстандық ауыл оқушыларымен кездесті


Павел Дуров 17 миллиард долларлық мұрасын 100-ден астам баласына қалдырмақ


Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берді.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 халықаралық форумында жасанды интелекттің маңыздылығына тоқтаған еді. Бұл форумға Павел Дуров та келіп, AI-зертхана ашты.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 15:32
Талқылау