Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Назарбаевтың 2000 жылғы жарлығына өзгертулер енгізіп, мемлекеттік органдағы штат санын азайтты

Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы президент ретінде қол қойған "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" жарлығымен мемлекеттік органдардың штат санының лимитіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кaztag.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда

"1-1. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері ведомстволардың санын, мемлекеттік органдардың штат санының лимиттерін, олардың басшы лауазымды адамдарының санын ұлғайтуды Мемлекет басшысымен не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіссін.

  • "Қазақстан Республикасының Президенті енгізетін төтенше жағдайға жауап беру қажеттілігі;
  • орталық мемлекеттік органдарды немесе олардың ведомстволарын құру;
  • Қазақстан Республикасының "Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту; 
  • басқа жағдайларда – Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады", – деп жазылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Сол жарлықта атап өтілгендей, президент әкімшілігі, үкіметі аппараты, парламент палаталары аппараттары, сот әкімшілігі, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары, қорғаныс министрлігі, сондай-ақ штат саны 100 бірліктен аз болатын мемлекеттік органдар арасында бос лауазымдық бірліктер қайта бөлінбейді.

Мемлекет басшысының жарлығы 21 қарашада қол қойылған күннен бастап күшіне енді.



Еске салайық, бұған дейін 2022 жылдан бастап Қазақстанда "артық" шенеуніктер саны қысқаратынын жазған едік. Министрліктер мен ведомстволардың штат саны 10 пайызға қысқарады. Оларды қысқарту алдағы екі жыл ішінде жүргізіледі. Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің штаттарында шектеулер өзгереді. Премьер-министр Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды. Әкімдіктерде қысқарту жүргізіледі. Оның ішінде облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары бар. 

Талқылау