Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мұхамедиұлының еңбек мигранттары туралы айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экс мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Қырғызстаннан Мәскеуге жұмыс істеуге кеткен еңбек мигранттары туралы айтқан сәтсіз мәлімдемесін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақтардың бірінші жалпыұлттық құрылтайында президент енді еліміздегі әрбір адам әділ Қазақстанды құруға бар күш-жігерін салуы керектігін айтты. Бұл жолда азаматтар кез келген, тіпті ең қиын жұмыстан да қорықпауы керек.

"Олар Ресейге барып, заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ біз қазақтар олай жасамаймыз. Біз бақытты халықпыз деп бұрынғы министрлеріміздің бірі көрші елдің азаматтарын мазақ еткендей болды. Бірақ ең сорақысы адамның жұмыстан қашқуы.Еңбек деген киелі ұғым. Адал еңбекті келемеждеуге болмайды", - деді Қазақстан басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жағымсыз пікірлер қазақ жастарын адастырып, олардың дүниетанымына кері әсер ететінін атап өтті.



"Кейде жастарымыз жұмыстан қашып, оңай табыс көзін іздейді. Сайып келгенде, мұның бәрі бүкіл ұлттың абыройына нұқсан келтіреді", - деді президент.

2016 жылы мәдениет және спорт министрінің айтқан пікіріне байланысты жанжал шыққан болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәскеудегі қоғамдық дәретханаларды жас қырғызстандықтардың тазалап жатқанын көргенде қатты аяғанын айтты.

Мұхамедиұлының бұл сөзі Қазақстан мен Қырғызстанда жағымсыз реакция тудырып, Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Бішкектегі Қазақстанның елшілігіне наразылық нотасын тапсырды. Кейін Қазақстанның сыртқы істер министрі бұл жағдайды ретке келтірілгенін, Мұхамедиұлының ешқандай жағдайда да Орталық Азиядағы бізге ең жақын адамдарды кемсітуді көздемейтінін айтты.

Талқылау