Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық мұражай өкілдері Арыстанбек Мұхамиедиұлына қатысты желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Арыстанбек Мұхамедиұлының қаза тапқаны туралы ақпаратты Ұлттық мұражайдың баспасөз қызметі жоққа шығарды. Сондай-ақ шенеуніктің жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Арыстанбек

Арыстанбек Мұхамедиұлы жансақтау бөлімінде бір жарым күн болған. Әлеуметтік желіде бұрынғы Мәдениет министрінің өзіне қол салып, тамырын кескені туралы да ақпарат тараған еді. Кейінірек экс-министрдің денсаулығына байланысты ауруханаға жатқаны белгілі болды. 

16 наурыз күні Ұлттық музей басшылығы 146 миллион теңгені жеымқырды деген күдікке ілінген. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүргізілген. Ауруханаға жатқызылмас бұрын Мұхамедиұлы бейнеүндеу жариялап, "негізсіз тексерістерді" тоқтатуды талап еткен. 



Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігін 5 жыл басқарған. Ал Ұлттық мұражай директоры болып 2019 жылы тағайындалды. 

Айта кетейік, бұған дейін белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов бұрынғы мәдениет және спорт министрі, қазіргі ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арызды өзі жазғанын мойындаған еді. 

Талқылау