AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Назарбаевтың жолын қуа ма? Мемлекет басшысы президенттік мерзімін ұзарту туралы пікір білдірді

Президент Қасымжомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум арқылы өзінің өкілеттік мерзімін ұзартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум алғаш рет өтетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл оқиға елдегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болады. Ол жалпы азаматтар конституциялық өзгерістердің маңыздылығын түсінетінін атап өтті.

"Референдумға біздің қоғамда үлкен қызығушылық байқалады. Шетелде де. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген кең әлеуметтік сұранысты және адамдардың алдағы өзгерістердің шын болатынына деген сенімін білдіреді. Бұл заңдылық, өйткені реформалар жеке тұлғалардың, соның ішінде Президенттің артықшылықтарын арттыру үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады.



Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі қойылады. Мұндай ниет болған емес, болмайды да деп жауап беремін”, – дейді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасының мазмұны жағынан өте ауқымды екенін атап өтті.

“Алайда негізгі мәселе адамның құқығы мен еркіндігін қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласуын кеңейтуге, басқару инститтутарының тиімділігін арттыруға аударылып отыр", - деді президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессиясында сөйлеген сөзінде.", - деп президенттің сөзін келтірді баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр