Мемлекет басшысы: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент өзінің Жолдауында жерді пайдаланбайтын латифундистерден оны қайтарып алу туралы тапсырма бергенін атап өтті.
«Бұл өте маңызды тапсырма. Қызыл сөз үшін айтылған жоқ. Адал, еңбекқор шаруалар ер жерде жұмыс істей алмайтын, мал жая алмайтын күнге жеттік. Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр. Бұл жағдайға мүдделі адамдардың қысымына ұшырап, істі тоқтатып қойған сияқты», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"