Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өткізді

Фото: akorda.kz

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше, Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне президент әкімшілігі, қауіпсіздік қеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысқан.

“Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды”, – делінген хабарламада. 

"Алып қашу, адам ұрлау – өрескел, жабайы қылмыс": Тоқаев кісі қолынан өлген Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты пікір білдірді

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Сондай-ақ президент жиынға қатысушыларға жаңа Конституция жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді. 

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткiзу уақытын бекіткен еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 22:23