Тоқаев құқық қорғау органдарымен маңызды отырыс өткізбек

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысын өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады”, – деп жазды президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Еске салайық, АҚШ алдағы 48 сағат ішінде Иранның мүмкін шабуылына дайындалып жатқаны туралы хабарлаған едік. Ақпарат көздерінің айтуынша, Иранның АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған әуе шабуылына жауап берері әзірге нақты емес. Қарымта соққы АҚШ-тың шетелдегі немесе ішкі инфрақұрылымдарына, не болмаса екеуіне бірдей бағытталуы мүмкін.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды