Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа орган мемлекет басшысының жанынан жұмыс істейді және Конституцияны жаңартуға қатысты ұсыныстар әзірлеумен айналысады.
Конституциялық комиссияның төрағасы болып Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова тағайындалды.
Төрағаның орынбасарлары:
- Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин,
- Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Комиссияның хатшысы – президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі меңгерушісі Айдар Жарылғанов.
Тоқаев конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет екенін айтты
Бұдан бөлек комиссия құрамына 100-ден астам адам енді. Толық тізім Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Олардың қатарында:
- Мәжіліс пен Сенат депутаттары,
- өңірлік мәслихаттардың төрағалары,
- әкімдер,
- Конституциялық соттың судьялары,
- Президент Әкімшілігі мен Үкімет өкілдері,
- заңгерлер, саясаттанушылар мен ғалымдар,
- БАҚ басшылары мен журналистер,
- қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері бар.
Президент Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдағанын Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында мәлімдеді.
"Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз”, – деді президент.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Тоқаев жаңа бір палаталы парламент құру, 145 депутаттан тұратын жаңа парламентті “Құрылтай” деп атауды ұсынған еді. Сондай-ақ президент елдегі мелмекеттік кеңесші лауазымын жойын, жаңа вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты