Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады

Тоқаев Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтадыФото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент облыстың дамып жатқаны өңір басшысының жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

“Қысқаша айтсақ, Қызылорда облысы барлық кезеңде қарқынды дамып келеді. Өңірдің жағдайы жақсы деп сеніммен айта аламын. Бұл – облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді әрі мақсатты жұмысының нәтижесі”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеп, Қазақстанның одан әрі дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап, қоғамдық өмірдегі өзекті мәселелерге тоқталатынын айтқан еді.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 20 Қаңтар, 2026 13:44