Тоқаев Қытай мен Моңғолиядағы Қазақстан елшілерін тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Моңғолиядағы Қазақстан елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалғас Әділбаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен босатылды. Оның орнына Ғабит Қойшыбаев Қзаақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Нұрышев 2015-2019 жылдар аралығында Қытайдағы Қазақстан елшісі болып қызмет еткен. 2019 жылдан бастап ол сыртқы істер бірінші вице-министрі қызметіне ауысты.
Шахрат Нұрышевтің орнына Ақан Рахметуллин сырты істер вице-министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар президент Әділ Тұрсыновты сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындады.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"