Тоқаев Қырғызстан президентін туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты келісімдердің орындалуын талқылады және әріптесін туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
“Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді”, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын атап өтті.
Тоқаев Суомидің тұрақты дамудағы жетістіктерін жоғары бағалап, Стуббқа табыс, фин халқына бақ-береке тіледі.
Фото: Ақорда
Тоқаев интернетте сағаттап уақыт өткізетін жастарға кеңес берді
Инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайды – Тоқаев
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда Жогорку Кенештің мерзімінен бұрын сайлауы өтті. Дауыс беру 2492 учаскеде, сондай-ақ шетелдегі 100 нүктеде ұйымдастырылды. Ел 30 округке бөлініп, әрқайсысынан үш депутаттан таңдалды, олардың кемінде бірі әйел болуы тиіс. Барлығы 467 кандидат тіркелген, дауыс берушілер саны – 4,29 миллион. Кейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл айтулы саяси оқиғаның нәтижесі Қырғызстанды одан әрі дамыту жолындағы стратегиялық міндетті орындаудың батыл қадамы саналатынын атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік