Тоқаев қазақстандықтарды бір-бірін кемсітпей, қадірін түсірмеуге шақырды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық болып жетістіктерге жету үшін қазақстандықтарды тату болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деген. Біз ұлт ретінде биік белестерді бағындырамыз десек, ең алдымен, халқымыздың ауызбіршілігі мықты болуы керек, азаматтарымыз бірін-бірі сыйлап, құрметтеуі қажет. Бір елдің ішінде өмір сүріп, бір жерде тұрып, жанжалға, ұрыс-керіске жол беруге болмайды”, – деді президент.
Тоқаев біреудің еңбегін жоққа шығару, не болмаса ой-пікірін келеке ету, басқа адамды қаралау – озық, өркениетті қоғамға жат қылық екенін баса айтты.
“Тіпті, ұят нәрсе, ондай әрекеттер үшін қоғам және заң алдында жауап беруге тура келеді. Ғаламтор желісінде бір тақырыптан басталған талқылау бітпейтін пікірталасқа ұласып кетеді, тіпті, бұл құбылыс “аса қауіпті қоғамдық дерт” деген осындай түсінік, ұғым пайда болды. Мұндай дерттен құтылуымыз керек”, – деді мемлекет басшысы.
"Қандай жанталасты бастан кешкенімді сөзбен түсіндіру мүмкін емес": Қатерлі ісікті 3 рет жеңіп шыққан қазақстандық әйелдің оқиғасы көпті шабыттандырады