Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумында басты мәселелерге тоқталып өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің ХVIII өңіраралық ынтымақтастық форумында негізгі тезистерді атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев Путин Кремль 2

"Өткен айда біз екі ел үшін айтулы дата – дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын атап өттік. Осы уақыт ішінде мемлекеттеріміз берік достық пен тату көршілік байланыстарына негізделген өзара тиімді стратегиялық серіктестік құра алды. Біздің елдеріміз арасында сенімді және сындарлы диалог орнатылып, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінен:

  • Біз халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және АӨСШК) аясында өзара белсенді әрекет етеміз. Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Еуразияның жаһандық саясат пен экономикадағы рөлін арттыруға елеулі үлес қосады.

  • Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі жаңа рекордтық деңгейге – 24,5 миллиард долларға жетті. Биыл алғашқы 9 айдың қорытындысы бойынша тауар айналымының көрсеткіші 5 пайызға өсті. Ресейге шығарылатын қазақстандық экспорттың ассортименті жақсарды.

  • Өткен жылмен салыстырғанда тауар атауларының саны 640-тан 1050-ге дейін көбейді. Алматыдан Ресей өңірлеріне тауар жеткізу 2,5 еседен астам, ал Астанадан – 5 есе.

  • Шекаралас облыстар арасындағы сауда-саттық айтарлықтай жанданды. Мысалы, Ресейге Ақтөбе облысынан тауар жеткізу 48 пайызға, Павлодар облысынан 36 пайызға артты.

  • Елімізде Ресейдің үлесі бар 17 мыңнан астам компания мен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны табысты жұмыс істеп жатыр.

  • Былтыр Ресейден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция пандемияға дейінгі деңгейден жоғары болды. Атап айтқанда, 1,9 миллиард доллардан асты. Сондай-ақ Қазақстанның Ресейге салған инвестициясы да 34 пайызға артып, 535 миллион долларға жетті.

  • Бүгінде бұл сала бойынша Қазақстан мен Ресей арасында жалпы құны 23 миллиард доллар болатын 110 бірлескен жоба жүзеге асырылып, 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

  • Сауда мен экономика салаларында жаңа өсім көздерін қарастыруға уақтылы қабылданған батыл шешімдер ғана септігін тигізеді. Қазақстанның шекаралас өңірлерінде өнімді өткізудің заманауи және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру үшін бүкіл Еуразия кеңістігіне арналған сауда хабтары жүйесі құрылып жатыр.

  • Ақтау теңіз порты" арнаулы экономикалық аймағының базасында заманауи контейнерлік хаб құру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Біз соның негізінде халықаралық сауда және өндіріс кластерлерін кешенді түрде дамытуды жоспарлап отырмыз.
Талқылау