Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Украина маңындағы жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы шұғыл жоспар қабылдау керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді. Жиын барысында Тоқаев Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кеңес

Қауіпсіздік кеңесінің жиынында Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.


Әлем елдері Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін тану туралы шешіміне қалай жауап берді


Сонымен қатар Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты орын алуы мүмкін дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар жоспарын қабылдау керек екенін мәлім етті. Бұдан бөлек ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қателердің алдын алу жөнінде бірқатар тапсырма берген. 

Еске салайық, Ресей Президенті өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау жөнінде қаулыға қол қойған еді. Сонымен қатар халқына жолдаған үндеуде Украина толығымен коммунистік Ресей құрғанын мәлімдеді.

Талқылау