Тоқаев Иран аумағынан БАӘ-ге жасалған шабуылдарды айыптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, шабуыл салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келген.
“Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды”, – делінген хабарламада.
Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.
Айта кетейік, 10 наурыз күні БАӘ Қорғаныс министрлігі елде Иранның шабуылынан қаза тапқандар саны алтыға жеткенін, 24 түрлі ұлттан 122 адам жарақат алғанын хабарлады. Жараланғандар арасында БАӘ, Мысыр, Судан, Эфиопия, Филиппин, Пәкістан, Иран, Әзірбайжан және Түркия азаматтары бар екені атап өтілді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 11 наурыз күні БАӘ әуе қорғаныс жүйелері сегіз баллистикалық зымыран мен 26 дронды атып түсірген, тағы бір зымыран теңізге құлаған, ал тоғыз дрон қорғанысты айналып өтіп, ел аумағына құлаған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан