Тоқаев Грекияны Тәуелсіздік күндерімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуласты Грек Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады.
“Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін”, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"